13
сәуір
2023
Жастар ресурстық орталығының ауыспалы кубогі жүлдесі үшін QUIZ зияткерлік ойыны
🔹Жастар ресурстық орталығының ауыспалы кубогі жүлдесі үшін QUIZ зияткерлік ойыны «Абай атындағы ММГИ» КММ-нің ұйымдастыруымен Абай ауданының жас ұстаздары арасында өтті.Аудан жастарын бірлікке жұмылдыру, жаңа таныстық, жағымды орта қалыптастыруға бағытталған шараға 6 команда қатысып, бақ сынады.
🔹Тартысты да, қызықты дода нәтижесінде: І орын – ЖОББ мектептің «Ой-Like» командасы қарсыластарын басып озып, жеңімпаз атанды.
ІІ орын – Қарауыл гимназиясы «Intelligent» командасы
ІІІ орын – Қарауыл гимназиясы «Baseke» командасы иеленді.
🔹«Абай атындағы ММГИ» директорының орынбасары Р.Слямханов пен аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Н.Камалов жүлделі орындарға ие болған командаларды дипломдарымен және сыйлықтарымен марапаттап, жеңімпаз командаға ауыспалы кубокты табыстады.
🔹Ауыспалы кубоктың иегері атанған ЖОББ мектеп командасы келесі ойынды жоғары деңгейде өткізеді деп сенеміз!



