«Педагогикалық идеялар фестивалі» » «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты»
АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН
МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ИНТЕРНАТЫ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Қабылдау бөлімі :
+7 (72252) 5-02-07
+7 (775) 342-28-01
+7 (72252) 5-02-18
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
наурыз
2023

«Педагогикалық идеялар фестивалі»

📣Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 4-6 наурыз күндері Алматы қаласындағы «Shera Inn Hotel» қонақ үйінің базасында дәстүрлі «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсы өткізілді.
💬Фестивальдің мақсаты - педагогтардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.
📣Фестивальға директорлар, директордың орынбасарлары, білім беру ұйымдарының барлық түрлері мен типтерінің педагогтері, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен әдіскерлері, музыка қызметкерлері, қосымша білім беру педагогтері, сынып жетекшілері, психологтар, логопедтер, дарынды балалармен жұмыс жасайтын өңірлік орталықтардың әдіскерлері қатысады.
🔰Республикалық педагогикалық идеялар фестиваліне мектебіміздің математика пәні мұғалімі ТЛЕБАЛДИНА НАЗИГУЛЬ ХАУАНОВНА қатысып, “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғ. Тұрсыновтың 3️⃣ дәрежелі дипломымен марапатталды және де аудан, облысымыздың намысын жоғары деңгейде қорғады.
🔰Назигуль Хауановнаны жүлдесімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!