30
қыркүйек
2025
28 қыркүйек - ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың туған күніне сәйкес Кәмен Оразалиннің музей-үйінде “Абай жолы - халық жолы” тақырыбынада дөңгелек үстел өтті


⚜️28 қыркүйек - ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың туған күніне сәйкес Кәмен Оразалиннің музей-үйінде “Абай жолы - халық жолы” тақырыбынада дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға Абайдың немере туысы, бала кезінде М.Әуезовтың қолында тұрып, оқу оқып, тәлім-тәрбиесін көрген, “Абай ауданының Құрметті азаматы”, бүгінде тоқсанға тақаған ел ардагері Манатай Балтақайұлы құрметті қонақ ретінде арнайы шақырылды. Сондай-ақ, ҚР Құрметті депутаты, “Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі”,
“Абай ауданының Құрметті азаматы”, жазушы Кәмен Оразалиннің рухани шәкірті Төлеубек Аманғазыұлы дөңгелек үстелдің қадірлі қонағы болды.
Өткен шараға мектебіміздің 7 "В", 8 "А", 8"Б" сыныбының оқушылары да қатыстып қайтты.
Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар берілді. Сонымен қатар рухани шара аясында арнайы “Абай жолы - халық жолы” атты кітап көрмесі де ұйымдастырылған. Мектебіміздің ұстазы Ниязова Үмітке "Алғыс хат" табысталды.



