Тарихымыз » «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты»
АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН
МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ИНТЕРНАТЫ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Қабылдау бөлімі :
+7 (72252) 5-02-07
+7 (775) 342-28-01
+7 (72252) 5-02-18
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
ақпан
2023

Тарихымыз

Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының тарихы 1845 жылы аға сұлтан Құнанбай ашқан  Шыңғыстаудағы «Ескі там» мектебінен  бастау алады. 
1894 жылы «Махмут қора» мектебі ашылған.
1920 жылы Кеңес өкіметі тұсында, тарихи мектеп мүлкі Жидебайға көшірілді.
1929 жылы Шыңғыстау ауданының орталығы Қарауылда 5 сыныптық шаруа жастар мектебі болады. 
1935-1936 жылдары 5 сыныптық шаруа жастар мектебі Үкімет Қаулысына сәйкес «Қарауыл орта мектебі» болып қайта құрылады. 
1939 жылы заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің ақыл-кеңесімен мектепте «Абай ұрпақтары» қолжазба журналы жарық көріп, сол жылдан осы күнге дейін жалғасын тауып келе жатыр. 
1940 жылы Абай Құнанбайұлының туғанына 95 жыл толуына орай мектепке Абай есімі берілді.
1970 жылы мектебіміз жаңадан салынған үш қабатты ғимаратқа көшті.               1991 жылы мектепте  аудан бойынша тұңғыш  рет гимназия сыныбы ашылып, ол 1992 жылы жеке шаңырақ көтерген Қарауыл гимназиясының негізі болып саналды.
1998 жылы Абай атындағы орта мектеп кешенді мектеп-лицейі болып қайта құрылып, оның құрамына аудандық саз, өнер, спорт мектептері (2004 жылға дейін) жеке-жеке бөлім болып кірді.
2021 жылы мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтің жарлығында: «Елімізде қазіргі заман талабына сай жабдықталған «Абай мектебі» деп аталатын үлгілі білім ордаларын ашуды қолға алу қажет. Және ол мектепте қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын оқу процесі басқа білім беру мекемелеріне үлгі болуы керек», - деп көрсеткен болатын. Осы жарлық негізінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қаулысымен «Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мәртебесіне ие болды. Осы жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойы қарсаңында киелі қара шаңырақ 300 орындыққа жабдықталған жаңа бағыттағы заманауи мектепке қоныс аударды. Бүгінде заманауи дамыған осынау ауыл мектебінде 610 оқушы білім нәрімен сусындап, таным көкжиектерін кеңейтіп жатыр. 
2021-2022 оқу жылында «Абай мектебі» желісі құрамына қосылды.