ДУБЛЕР КҮНІ » «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты»
АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН
МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ИНТЕРНАТЫ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Қабылдау бөлімі :
+7 (72252) 5-02-07
+7 (775) 342-28-01
+7 (72252) 5-02-18
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
наурыз
2023

ДУБЛЕР КҮНІ

🔰Мектебімізде 10 наурыз күні дублер күні өтті.
🔰Осы күні 10-11 сынып оқушылары барлық сабақтарда мұғалімдерді алмастырды.

🔰Осы жауапты іс-шараға балалар көп дайындалды: олар мұғалімдердің басшылығымен сабақ кестесін құрып, әр сабақтың жоспарын жазды.

🔰Тәңертеннен бастап мектепте ерекше атмосфера орнады, қыздар сәнді киініп, ұлдар костюмде галстук тағып осы күнді қызықты да, мазмұнды жетіп көрсетуге тырысты. Осы күні мектептегі тәртіп биік деңгейде болды.

🔰Дублер күні - бұл оқушылар нағыз мұғалімдер бола алатын күн, сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезіне алады.

🔰Осы күні мектеп директоры - РЫСБЕКОВ ЖАНАРЫС (11 "В" сынып) және директорының орынбасарлары – НҰРЛАНҚЫЗЫ ДІЛДӘ (11 "А" сынып), МЕЙРАМҒАЛИЕВА АҚҚУ (11 "Б" сынып), НҰРБЕКҰЛЫ АЛИБИ (11 “В” сынып) болды.

🔰Күн қорытындысы бойынша дублер болған оқушылар жиналыс өткізіп, әр қайсысы өз пікірлерімен бөлісті және мұғалім болу тек қана қиын емес, қызықты екен деген ортақ ойға келді.