31
желтоқсан
2023
Мектеп директорының құттықтауы!
АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫ РОЛЛАН РЫМХАНҰЛЫНЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ🎄Сіздерді төрімізге еніп тұрған Жаңа 2024 -Ұлу жылы құтты болсын!
🎄Еліміз үшін өткен жыл бейбіт те мамыражай жыл болды, мектебіміз үлкен толағай жетістіктерге қол жеткізді “Үздік мектеп-2023” , үздік олимпиадалық команда т.б. үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. Бұлардың бәрі тарих қойнауына еніп барады. Әрине, адамзат баласының жаңа жылдан күтері көп.
🎄Сондықтан жаңа жыл жаңа мақсаттар, жаңа мүмкіндіктер , толағай табыстар жылы болғай, әр шаңыраққа шаттық пен береке, шуақты күндер сыйласын.
🎄Мамандардың айтуынша, Ұлу жылының ерекшелігі өте көп.Ұлу суда жүретін болғандықтан, бұл жылы құрғақшылық болмайды.
🎄Жыл тыныштықпен, береке-молшылықпен өткен. Түркі жұрты , оның ішінде қазақтар да ұлу жылы астық, шөп мол болады деп жорамалдаған. Соған қарағанда, бұл халық үшін жайлы жыл болмақ.
🎄Дала философы Жүсіп Баласағұн дәріптегендей” Өз тілеуіңді тілеме, ел тілеуін тіле, сенің тілеуің соның ішінде” демекші, тағы бір жылға қадам басқан құрметті ұстаздар, Ұлу жылы ұлттың жылы болып, отбасыларыңыз аман, болашағымыз жарқын, оқушыларымыз зерек, Абай атамыздың рухы қолдап жүрсін!



