Тайгулова Гульшат Акрамовна
Тайгулова Гульшат Акрамовна – Абай ауданы, Қарауыл ауылында 1969 жылы 8 қыркүйекте дүниеге келді. 1976-1986 жылдар аралығында Абай атамыздың атымен аталатын қасиетті қара шаңырақ орта мектепте білім алды. 1988 жылы Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетіне түсіп, осы аталған университетті қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. Педагогика ғылымдарының магистрі, екінші біліктілік санатты басшының орынбасары және педагог-зерттеуші санаты бар. Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатында 1992 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасайды.2006 жылдан 2013 жылға дейін Абай атындағы мектеп-лицейде кәсіподақ ұйымының төрайымы, 2013 жылдан 2020 жылға дейін Абай атындағы мектеп-лицейде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2020 жылдан бүгінгі күнге дейін «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты» КММ-де мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет жасап келеді.
«Жаңашыл педагог - 2021» конкурсының «Ең үздік сабақ» номинациясы, «Бәсекелес педагог - 2021» байқауының ІІІ орын иегері.
ҚР «Сала қызметкерлерінің кәсіподағына айрықша сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, «Абай атындағы ЖОББ мектеп-лицейіне – 90 жыл» мерекелік төсбелгісімен, «Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына сіңірген еңбегі үшін» мерекелік медалімен марапатталды.
Отбасы бар. Жары – Арашев Жеңіс Серікқанұлы. 1967 жылы туған, жұмыссыз. Екі ұл, бір қызы бар. Арашев Бекзат, Арашев Ерзат, Серікқанова Ақерке. Ұлдары отбасылы, қызы тұрмыста.



