Конституция күні құтты болсын! » «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты»
АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН
МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ИНТЕРНАТЫ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Қабылдау бөлімі :
+7 (72252) 5-02-07
+7 (775) 342-28-01
+7 (72252) 5-02-18
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
тамыз
2023

Конституция күні құтты болсын!

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ММГИ-ның директоры Роллан Рымханұлының құттықтауы

Қымбатты достар!

Сіздерді шын жүректен Конституция күнімен құттықтаймыз!

Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.

Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді.

Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін.

Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!