Ошақбаева Индира Еркінқызы » «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты»
АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН
МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ИНТЕРНАТЫ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Қабылдау бөлімі :
+7 (72252) 5-02-07
+7 (775) 342-28-01
+7 (72252) 5-02-18
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
сәуір
2023

Ошақбаева Индира Еркінқызы

Ошақбаева Индира Еркінқызы
       "Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты"  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып келемін. Еңбек өтілім - 11 жыл.  Сарапшы – педагог. 
       Білім- біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы деп ұлт ұстазы А. Байтұрсынов айтқандай, осы үдеге сай қызмет жасап келе жатқан ұстаз.
       Білікті де, білімді ұстаз алдынан шыққан шәкірттерім республикалық, облыстық, аудандық сайыстардың жүлдегерлері атанып үлкен жетістіктерге жетіп отыр:
- "Зерде" Республикалық зерттеу жобалары конурсының облыстық кезеңі – ІІ орын, Ғалымбекұлы Арсен.
- "Зерде" Республикалық зерттеу жобалары конурсының облыстық кезеңі – ІІ орын, Мұхитұлы Жалғас.
- Республикалық Абай желілік мектептері арасында ұйымдастырлыған «Өз заманының заңғары» атты байқау – ІІІ орын, Дулатова Аружан.
- 5-6 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық қазақ тілі  мен әдебиеті пәнінен – ІІІ орын, Дәулетбекқызы Жайна. 
 Ұстаздарға арналған әртүрлі шығармашылық байқауларға, семинарларға қатысып өз тәжірбиеммен бөлісіп отырамын. Ғылыми - әдістемелік материалдарым республикалық, облыстық баспа беттерінде үздіксіз жарияланып келеді. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп, білім саласындағы елеулі еңбегі мен шығармашылығым үшін жеткен жетістіктерім:
1. «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының облыстық кезеңінде «Сабақ аяқталған соң...» бағыты бойынша ІІ дәрежелі ДИПЛОМ.
2. «Толық адам» ілімі-заманауи білім мен ұлттық тәрбиені қалыптастыратын бағыт-бағдар тақырыбында өткен облыстық семинарында тәжірибесімен бөліскенін растайтын СЕРТИФИКАТ.
3. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық құрметіне орай, еліміздегі жастар саясатын іске асыруда, алдына қойған мақсаттар мен міндеттерді орындауға белсене араласқаны үшін АЛҒЫС ХАТ.
4. І республикалық «Іші – алтын, сырты – күміс сөз жақсысы» шешендік өнер байқауына оқушы дайындағаны үшін АЛҒЫС ХАТ.
5. «Абай тағылымы» атты фестивалінде ұлттық құндылық пен ұлттық идеологияны негізге ала отырып, халық мұраларын насихаттауға қосқан үлесі үшін АЛҒЫС ХАТ.