Еділова Жаннұр Еділқызы » «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты»
АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН
МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ИНТЕРНАТЫ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Қабылдау бөлімі :
+7 (72252) 5-02-07
+7 (775) 342-28-01
+7 (72252) 5-02-18
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
сәуір
2023

Еділова Жаннұр Еділқызы

Еділова Жаннұр Еділқызы
Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
Еңбек өтілі – 10 жыл
Біліктілігі – педагог-модератор
Өмірлік ұстанымы – Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек.
Мұғалім жетістігі: Аудан әкімінің Алғыс хаты 2022 жыл
«Абай әлемі» республикалық шығармашылық байқауында жүлдегер шәкірт тәрбиелегені үшін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғ.Тұрсыновтың Алғыс хаты 2023 жыл
Іс-тәжірибе алмасу мақсатында түрлі семинарларға қатысып және өз тәжірибесімен бөлісіп отырады.
«Толық адам» ілімі – заманауи білім мен ұлттық тәрбиені қалыптастыратын бағыт-бағдар тақырыбында өткен облыстық семинарда тәжірибесін бөліскені үшін сертификат иегері.
Желілік Абай мектептерінің оқушылары арасында II республикалық «Іші – алтын, сырты – күміс сөз жақсысы...» шешендік өнер байқауының шеңберінде мұғалімдер арасында өткен «Толық адам» ілімінің жаңа дәуірде жаңғыруы атты семинардың қатысушысы болып, сертификатқа ие болды.
Оқушы жетістігі: Республикалық желілік Абай мектептерінің 9-11 сынып білім алушылары арасында ұйымдастырылған «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты эссе байқауында Ерәділова Айар 3-орын.
Республикалық Абай желілік мектептері арасында ұйымдастырылған «Дарабоз» танымдық-зияткерлік сайысынан Өміртай Мадина 1-орын.
«Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты эссе бағыты бойынша жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында өткен «Абай әлемі» атты III республикалық шығармашылық байқауында Ерәділова Айар 3-орын.
Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың облыстық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Амангелдинова Айсу 2-орын.
Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде Амангелдинова Айсу 1-орын.