20
сәуір
2023
Дүйсенбек Әлия Дүйсенбекқызы
Дүйсенбек Әлия Дүйсенбекқызы - 1 тамыз 1996 жылыы Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 2003-2014 жылдары Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде оқыды. 2014-2017 жылдары М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжде оқып, бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша білім алды. 2017-2020 жылдары Әлихан Бөкейхан атындағы жоғары оқу орнын аяқтады. 2017 жылдан Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарады.
Жетістіктері:
- "Педагогикалық идеялар фестивалі" республикалық байқаудың облыстық кезеңінің "Шығармашыл толқын" бағыты бойынша сертификат
- Дарынды оқушыларды дайындауда қосқан үлесі үшін мектеп директоры Р.Р.Тлеухановтың мадақтамасы.
- Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық "Алтын тұғыр" математикалық олимпиадасына қатысқаны үшін сертификат
- Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық "Алтын тұғыр" математикалық олимпиадасында ІІІ орын жүлдегері



