Тлебалдина Назигуль Хауановна
Тлебалдина Назигүл Хауанқызы 20.12.1974ж бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген. 1981-1991 жж Абыралы орта мектебінде оқып білім алған. 1991 жылы Семейдегі Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтының физика-математика факультетінің физика және математика бөліміне оқуға түсіп, 1996 жылы оқу орнын аяқтап, 1998 жылға дейін Семей қаласындағы № 36 мектепте математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Қазіргі уақытта 1998 оқу жылынан бері Абай атындағы мамандандырылған мектеп –гимназия интернатында математика және информатика пәндерінен мұғалім болып жұмыс атқарып келеді. Жаратылыстану ғылымдарының магистрімін. Педагог-шебер.
2019 жылы Білім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
«Үздік педагог 2020» конкурсының облыстық кезеңінің 2-ші орын иегері.
2023 ж «Үздік педагогикалық идеялар» фестивальінің облыста 1-ші орын, республикалық кезеңінде 3- ші орын иегері.
Оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық конкурстардың жеңімпаздары


