Біз туралы » Страница 15 » «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты»
АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН
МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ИНТЕРНАТЫ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Қабылдау бөлімі :
+7 (72252) 5-02-07
+7 (775) 342-28-01
+7 (72252) 5-02-18
Нашар көрушілер
нұсқасы
Галиева Гүлнар Болатқызы
03
сәуір
2023
Галиева Гүлнар Болатқызы
Галиева Гүльнар Болатқызы – екінші санатты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, математика,физика және информатика пәнінің мұғалімі. Галиева Гүльнар Болатқызы 14.01.1963 жылы Семей облысы Абай ауданында дүниеге келген.  Абай атындағы мамандандырылған  мектеп –гимназия интернатында  1990  жылдан   қызмет істеп келеді.  Білімі жоғары, педагог-зерттеуші.  1983-1988 ж.- Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының физика-математика факультетін; 2008-2010 ж.- Қазақ инновациялық
Тайгулова Гульшат Акрамовна
03
сәуір
2023
Тайгулова Гульшат Акрамовна
Тайгулова Гульшат Акрамовна – Абай ауданы, Қарауыл ауылында 1969 жылы 8 қыркүйекте дүниеге келді.  1976-1986 жылдар аралығында Абай атамыздың атымен аталатын қасиетті қара шаңырақ  орта мектепте білім алды.  1988 жылы Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология  факультетіне түсіп,  осы аталған университетті  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.  Педагогика  ғылымдарының магистрі,  екінші біліктілік санатты басшының
Макенова Нұргүл Біләлқызы
03
сәуір
2023
Макенова Нұргүл Біләлқызы
Мәкенова Нұргүл Біләлқызы - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Туған күні: 31 қазан 1971 Ұлты: қазақ Білімі: жоғары Бітірген оқу орны: Семей мемлекеттік педагогикалық университеті Санаты: педагог-зерттеуші Жетістіктері:  2019 ж. – Білім саласын дамыту жолында қол жеткен табыстары және өскелең ұрпақты  оқыту мен тәрбиелеу ісіне қосқан зор үлесі үшін – С.Жұмадилова – алғыс хат; 2020 ж. – Өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруде қосқан үлесі үшін – министр 
Тлебалдина Назигуль Хауановна
03
сәуір
2023
Тлебалдина Назигуль Хауановна
Тлебалдина Назигүл Хауанқызы 20.12.1974ж бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген. 1981-1991 жж Абыралы орта мектебінде оқып білім алған. 1991 жылы Семейдегі Н.К.Крупская  атындағы педагогикалық институтының физика-математика факультетінің физика және математика бөліміне оқуға түсіп, 1996 жылы оқу орнын аяқтап, 1998 жылға дейін Семей қаласындағы № 36 мектепте  математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Қазіргі уақытта   1998 оқу жылынан бері Абай атындағы
М. Мақатев оқуларының облыстық кезеңі
31
наурыз
2023
М. Мақатев оқуларының облыстық кезеңі
Абай облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2023 жылдың 31 наурыз күні Республикалық жалпы білім беретін оқу орны арасында өтетін М. Мақатев оқуларының облыстық кезеңі ұйымдастырды.🔰М. Мақатаев оқуларына мектебімізден 2 номинация бойынша НҰРЛЫБЕКҰЛЫ НҰРЖАН мен ҒАЗИЗ АЖАР қатысты. 🔰“Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…” атты номинациясы бойынша ҒАЗИЗ АЖАР жүлдеді 1️⃣-орын алып, республикалық кезеңге өтті.
«Robobalapan-2023» республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық кезеңі
31
наурыз
2023
«Robobalapan-2023» республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің
🤖Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталық» КММ 2023 жылғы 31 наурыз күні №17 ЖОББМ ғимаратында «Robobalapan-2023» республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық кезеңі өткізілді.🤖Фестиваль Қазақстандағы «ҚазРоботикс» Федерациясының қолдауымен робототехниканы дамыту бағдарламасының бөлігі болып табылады. 🤖Фестивальға 5-6 жас аралығындағы балабақша және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары, ата-аналары (заңды өкілдері),
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада
26
наурыз
2023
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер
🔰2023 жылғы 20 - 25 наурыз аралығында Шымкент қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті. 🔰Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне мектебіміздің 11-сынып оқушысы РЫСБЕКОВ ЖАНАРЫС пен 10-сынып оқушысы ҚАБДИЕВА БАЯН қатысты. 🔰Олимпиада қорытындысы бойынша олимпиадада көрсеткен ерекше жетістігі үшін үшін 11-сынып оқушысы
Таэквондодан Орталық Азия чемпионаты
20
наурыз
2023
Таэквондодан Орталық Азия чемпионаты
🥋Мектебіміздің оқушысы МҰҒАЛХАНОВА АЙСӘУЛЕ ағымдағы жылдың наурыз айында Ташкент қаласында өткен таэквондодан Орталық Азия чемпионатында жүлделі 2️⃣-орынға ие болды. 🥋Айсәулені жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз, еліміздің туын биік шыңдарда желбірете беруіне тілектеспіз! Жарайсың👍🏻👍🏻👍🏻