13
наурыз
2023
"Кітапханаға кітап сыйла" акциясы
📚Мектебіміздің кітапханасында "Кітапханаға кітап сыйла" акциясы жалғасуда.📚Абай ауданының құрметті азаматы, абайтанушы, тарихшы, шежіреші Түңлікбаев Марат атамыз және ардагер ұстаз методист-мұғалім Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озаты Еспаева Роза отбасылық жеке кітапханасынан мектептің кітапхана қорына кітап сыйлады.
📚Бұл кітаптардың ішінде "Абралы-Қанды жылдары" атты аннотация томдары, "Шығыс жұлдыздары" энциклопедиялық анықтамалар, Ш.Айтматов " Боранды бекет" романы, Ф.Онғарсынова, Ж.Карменовтың шығармалары және де "Аңыз адам " журналының топтамасы да бар.
📚Мектеп әкімшілігі атынан СІЗДЕРГЕ алғыс айтамыз.



