ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР » «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты»
АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН
МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ИНТЕРНАТЫ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Қабылдау бөлімі :
+7 (72252) 5-02-07
+7 (775) 342-28-01
+7 (72252) 5-02-18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР
05
мамыр
2023

ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР


⚗️Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 2-3 мамыр күндері Астана қаласында N92 мектеп –лицейінің және оқушылар шығармашылық сарайының базасында химиядан 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы аясында химия пәні мұғалімдері үшін «Химиядан олимпиада тапсырмаларын шешу» тақырыбында халықаралық семинарын өткізді.

🧪Солардың бірі, 2 мамырда, «Мектеп оқушыларын химия пәнінен олимпиадаға дайындаудың ұлттық жүйелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Және де Ресей, Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері мемлекетерінен келген қонақтарымызда өз тәжірибелерімен бөлісті.

🧪Дөңгелек үстел барысында республикамыздың әр өңірінен мектеп оқушыларын химиялық олимпиадалардың түрлі кезеңдеріне дайындайтын мұғалімдер мен олардың шетелдік әріптестері оқушыларды химия олимпиадаларына дайындаудың түрлі тәсілдері мен әдістерін талқылады, сондай-ақ өз тәжірибелерімен және идеяларымен бөлісті.

⚗️Іс-шараға мектебіміздің химия пәнінің мұғалімі САЙЛАУБЕКОВ АЙДОС ЖАСҰЛАНҰЛЫ қатысып, сертификатпен марапатталды.

🧪Іс-шаралар бағдарламаға сәйкес 3 күнге созылды.