10
ақпан
2023
“ҮЗДІК МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫ-2023” атты облыстық байқауы
📚2023 жылдың 10 ақпан күні Семей қаласында “Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы”КММ-нің ұйымдастыруымен кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету сапасын арттыруға, кітап пен оқуды насихаттауға, кітапханалардың озық тәжірибесін зерделеуге, жинақтауға және таратуға бағытталған кітапханалардың қызметін жетілдіру және ынталандыру, жалпы білім беру мекемелері кітапханаларының тиімді және инновациялық жұмыс тәжірибесін танымал ету және тарату, кітапхана мамандығының беделін арттыру мақсатында “ҮЗДІК МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫ-2023” атты облыстық байқауы өтті.📚БАЙҚАУ ҮШ БАҒЫТ БОЙЫНША ӨТТІ:
1. «Кітапхана – парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы» таныстыру.
2. «Кітапхана білімпаздар мекені» мектеп кітапханасының үздік жобасы.
3. «Кітапханашы – мәртебелі мамандық!» мектеп кітапханашысының озық тәжірибесі. (үйірме, клуб, пікірталас, букроссинг, коворкинг жұмыстар т.б.).
📚Осы байқауға мектебіміздің кітапхана меңгерушісі ТОҚАЖАНОВА ГУЛЬШАТ КУАНЫШЕВНА және кітапханашы ҚАСЕИН ӘСЕЛ САЙЛАУҚЫЗЫ қатысты.
🔰Байқау нәтижесі:
🔹«Кітапхана – парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы» бағыты бойынша ТОҚАЖАНОВА ГУЛЬШАТ КУАНЫШОВНА-ІІ орын;
🔹«Кітапханашы – мәртебелі мамандық!» бағыты бойынша ҚАСЕИН ӘСЕЛ САЙЛАУҚЫЗЫ-ІІІ орын;
📚Және де Гульшат Куанышовна мен Әсел Сайлауқызы өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, “Білім және ғылым” шығармашылық бірлестігінің директоры, доцент п.ғ.к. Т.Ш. Ахметованың грамотасымен марапатталды.
📚Гульшат Куанышовна мен Әсел Сайлауқызын жеңістерімен құттықтаймыз, шығармашылық табыстар тілейміз!



