29
қаңтар
2024
«Үздік педагог» конкурсы жеңімпазының педагогикалық тәжірибесін таратуы
🔰2024 жылдың 26 қаңтар күні ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен «Үздік педагог» конкурсы жеңімпаздарының педагогикалық тәжірибесін тарату мақсатында әдістемелік ұсынымдар жарияланды.🔰Бұл әдістемелік ұсынымда «Үздік педагог» конкурсында үздік атанған мұғалімдер өздерінің озық іс-тәжірибелерімен бөлісті.
🔰Ұстаздық қызмет үнемі дамуды, жетілдіруді қажет ететін мамандық. Сабағымның ұмытылмастай өтуі үшін түрлі цифрлық құралдарды, әр-түрлі әдіс-тәсілдер қолданады.
🔰Мектебіміздің химия пәні мұғалімі АЙДОС ЖАСҰЛАНҰЛЫ «Үздік педагог» конкурсының жеңімпазы ретінде «Химия пәнін жоба негізінде оқыту» атты өзінің элективті курс авторлық бағдарламасы жарияланды.
🔰Әдістемелік үш бөлімнен тұрады және еліміздің мұғалімдеріне өте ыңғайлы ретінде әзірленген. «Үздіктен үйрен»айдарының жариялымдарының сілтемелері берілген.
📌Сабақ процесі кезінде мұғалімнің оқушыларды заманауи жаңа оқыту әдістерімен оқуға ынталандыру мақсатындағы шығармашылық әрекеттерін көзбен көріп, пән мұғалімдерінің оң тәжірибелерімен танысып, оқу-тәрбие үрдісін зерделеуге талпыныс жасауға бағытталған.
🔰 Осы әдістемелік ұсынымдар жинағындағы элективті курстар,авторлық бағадарламалар, үздік деген әдіс-тәсілдерді еліміздің мұғалімдеріне берер көмегі зор деп есептейміз.



