19
қаңтар
2024
Бос лауазым конкурсының нәтижесі
🔰Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы негізінде Абай облысының білім басқармасы «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты» КММ-не орыс сыныбындағы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі – 1, бастауыш сынып мұғалімі – 1 лауазымдары бойынша бала күтіміне байланысты декреттік бос орындарға мектептің әлеуметтік желісінің ресми парақшасына, мектептің ресми сайтына бос лауазымдарға конкурс жариялаған болатын.🔰Комиссия мүшелері 2 үміткерден келіп түскен өтініштер бойынша конкурс өткізіп, конкурс нәтижелерін шығарды.
🔰Конкурстық комиссия мүшелерінің шешімі бойынша бала күтіміне байланысты декреттік бос орындарға 1-бастауыш сынып мұғалімін, 1-орыс сыныптарындағы ағылшын тілі пәнінің мұғалімін конкурстық негізде жұмысқа қабылдау үшін мектеп директорына ұсыныс берді.



