«ҮЗДІК ПЕДАГОГ» » «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты»
АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН
МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ИНТЕРНАТЫ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Қабылдау бөлімі :
+7 (72252) 5-02-07
+7 (775) 342-28-01
+7 (72252) 5-02-18
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
қазан
2023

«ҮЗДІК ПЕДАГОГ»

«ҮЗДІК ПЕДАГОГ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
 
🔹Абай облысы білім басқармасы жұмысының жоспарына сәйкес 2023 жылдың 10 қазанында жыл сайынғы «Үздік педагог» республикалық конкурсының өңірлік кезеңі өткізілді.

🔹Конкурсқа облысымыздың  қалалары мен аудандарынан, облыстық білім беру ұйымдарынан және колледждерден 21 жеңімпаз мұғалім қатысты.

🔹Қатысушылардың жұмыстарын бағалауда «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 09.08.2022 жылғы № 355 Бұйрығы мен «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 Бұйрығы басшылыққа алынды.
Үміткерлердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштеріне сәйкес облыстық комиссияның барлық мүшелері бір-біріне тәуелсіз тексеру жұмыстарын электронды форматта жүргізді.

🔹Қойылған балдардың орташа арифметикалық мәні министрліктің ақпараттық жүйесі арқылы шығарылып, сараланды. Соның нәтижесінде «Үздік педагог» атағын беру конкурсының облыстық комиссия шешімінің қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған 6 педагогтың жұмысы республикалық кезеңге қатысуға ұсынылды.

🔶Республикалық кезеңге ұсынылған 6 педаготың бірі мектебіміздің биология пәні мұғалімі ШАГИРОВ ТАНАТ ҚЫМБАТҰЛЫ

🔹Конкурстың ІІІ кезеңі екі турда өткізіледі. Бірінші турда Республикалық комиссия мүшелері Конкурсқа қатысушылардың материалдарын қарайды. Екінші турда - Министрлік анықтаған білім беру ұйымында күндізгі форматта өткізетін сабақтарды бағалайды. Конкурстың III кезеңінің екінші турына бірінші турда жинаған балдарына қарамастан барлық қатысушылар жіберіледі.

🔹Ауданымыздың, облысымыздың намысын қорғап республикалық кезеңде жеңімпаз атануына тілектеспіз.