ХАБАРЛАНДЫРУ (бос лауазымдарға конкурс жариялайды) » «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты»
АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН
МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ИНТЕРНАТЫ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Қабылдау бөлімі :
+7 (72252) 5-02-07
+7 (775) 342-28-01
+7 (72252) 5-02-18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ХАБАРЛАНДЫРУ (бос лауазымдарға конкурс жариялайды)
14
тамыз
2023

ХАБАРЛАНДЫРУ (бос лауазымдарға конкурс жариялайды)

ХАБАРЛАНДЫРУ

Абай облысы білім басқармасының «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты» КММ орыс сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, орыс сыныптарындағы математика пәнінің мұғалімі, орыс сыныптарындағы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, орыс сыныптарындағы биология пәнінің мұғалімі, орыс сыныптарындағы информатика пәнінің мұғалімі бойынша бос лауазымдарға конкурс жариялайды.


Конкурс жарияланған лауазымның атауы: орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі (орыс сыныптарына) - 1, математика пәнінің мұғалімі (орыс сыныптарына) - 2, ағылшын тілі  пәнінің мұғалімі (орыс сыныптарына) -1, биология пәнінің мұғалімі (орыс сыныптарына)– 1, информатика пәнінің мұғалімі (орыс сыныптарына) – 1.

Орналасқан жері: индекс 070100, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Бекбосынов көшесі, 44/ А. Байланыс номері: 8-72-252-50-207

Электрондық пошта мекенжайы: abaymektep@mail.ru

Конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі – конкурсқа қатысуға қажетті өтінім Абай облысы білім басқармасының «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты» КММ-нің әлеуметтік желісінің ресми аккаунтында және «Абай елі» газетінде конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 10 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады. 

1) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.  

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама;

10)Ұлттық біліктілік сертификаты ( бұдан әрі – ҰБТ)  немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.