“АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ИНТЕРНАТЫ”КММнің директоры Роллан Рымханұлы Тлеухановтың құттықтауы Сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз.
🇰🇿Тәуелсіздігіміздің мерекесіне қарсы, осы мекемеде киелі шаңырақ Абай атамыздың атымен аталатын білім ордасы, яғни “АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ИНТЕРНАТЫ”КММде барлық ұжым мүшелеріне, МЕРЕКЕЛІК ҚАРЖЫЛАЙ СЫЙАҚЫ БЕРІЛДІ👏🏻👏🏻👏🏻
Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай