13
сәуір
2023
Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі

🔷2023 жылдың 13 сәуірінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.
🔷Олимпиада екі айналым бойынша өтті: эссе жазу және қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ.О. Бітібаеваның өмірбаянын, оның ғылыми мұрасын және публицистикалық еңбектерін білу бойынша жазбаша айналым.
🔷Олимпиада қорытындысы бойынша мектебіміздің 9-сынып оқушысы Амангелдинова Айсу-1️⃣ орынға ие болса, 10-сынып оқушысы Манарбекова Айзере жүлделі 3️⃣ орынға ие болды.
🔸Амангелдинова Айсуға республикалық кезеңге жолдама алды.
🔸Жетекшілері: Еділқызы Жаннұр мен Кабыланбекова Жұлдыз
🔷Жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!



