01
ақпан
2024
Республикалық "Зерде" шығармашылық жобалар конкурсының жеңімпаздары
🔰2024 жылдың 30 қаңтары мен 1 ақпан аралығында Щучинск қаласының «Щучинский» шипажайында ХІХ «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша жарыс өтті.📌Республикалық-қорытынды кезеңнің ең үздігі атану үшін Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 303 жұмыспен 368 қатысушы бәсекеге түсті.
✅Конкурстың мақсаты – балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
🔰Қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша екі оқушымыз қатысып, келесідей нәтиже көрсетті:
👨🏻🎓Рымхан Жантөре-1️⃣ орын
🧑🏻🎓Қайырбекова Зере-1️⃣ орын
✅Жетекшісі: ТАЙГУЛОВА ГУЛЬШАТ АКРАМОВНА
Құттықтаймыз👏🏻👏🏻👏🏻



