12
қаңтар
2024
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ🔰Қаскелен қаласында SDU базасында дәстүрлі «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсы аяқталды.
📌Фестивальға 220 ұстаз - директорлар, директордың орынбасарлары, білім беру ұйымдарының барлық түрлері мен типтерінің педагогтері, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен әдіскерлері, музыка қызметкерлері, қосымша білім беру педагогтері, сынып жетекшілері, психологтар, логопедтер, дарынды балалармен жұмыс жасайтын өңірлік орталықтардың әдіскерлері қатысты.
♻️Бағдарламаға сәйкес бағыттар бойынша педагогикалық идеялар жобаларын қорғады.
🔰Республикалық педагогикалық идеялар фестиваліне мектебімізден төрт ұстазымыз қатысып, екі ұстазымыз жүлдегер атанды.
🔹“Шеберлік палитрасы” бағыты бойынша:
🔸Қоғамдық-гуманитарлық пәндер
🥈-ТАЙГУЛОВА ГУЛЬШАТ АКРАМОВНА-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі-ІІ ОРЫН.
🔸Физика-математикалық пәндер
🥉-БАУЫРЖАНҰЛЫ МАРҒҰЛАН-математика пәні мұғалімі-ІІІ ОРЫН.
🔰Мектебіміздің ұстаздарын шын жүректен құттықтай отырып, биік белестерді бағындыра беріңіздер дегіміз келеді.



