РОЛЛАН РЫМХАНҰЛЫНЫҢ КІТАПХАНАШЫЛАР ҚАУЫМЫН ҚҰТТЫҚТАУЫ » «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты»
АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН
МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ИНТЕРНАТЫ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Қабылдау бөлімі :
+7 (72252) 5-02-07
+7 (775) 342-28-01
+7 (72252) 5-02-18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » РОЛЛАН РЫМХАНҰЛЫНЫҢ КІТАПХАНАШЫЛАР ҚАУЫМЫН ҚҰТТЫҚТАУЫ
24
қазан
2023

РОЛЛАН РЫМХАНҰЛЫНЫҢ КІТАПХАНАШЫЛАР ҚАУЫМЫН ҚҰТТЫҚТАУЫ

АБАЙ ММГИ ДИРЕКТОРЫ РОЛЛАН РЫМХАНҰЛЫНЫҢ КІТАПХАНАШЫЛАР ҚАУЫМЫН ҚҰТТЫҚТАУЫ

24 қазан кітапханашылар күнімен құттықтаймын!
Бүгінгі дамыған замандағы жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана. Көне жазбалар мен сирек кітаптар секілді кітапхананың да тарихы орасан. Кітапхана – мәртебесі биік киелі шаңырақ. Кітапхана – оқырманның рухани талап-тілегін қанағаттандырумен қатар, әлемдік, ұлттық, әмбебап ақпарат көздерін толық жинақтап, оқырманға жеткізуші болып табылады. Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін кітапханашы мамандығы туралы бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Кітапханашы бүгін де тек қана оқырманға кітап беріп қана қоймай, көптеген маңызды жұмыстарды атқарады. Бүгінгі заманға сай күнделікті ақпарат ағымын оқырмандарға берушісіздер.

Гүльшат Қуанышовна және Әсел Сайлауқызы
Сіздерге кәсіби шеберлік пен парасаттылық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін!