Жәкула Күшікұлы атындағы олимпиада » «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты»
АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН
МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ИНТЕРНАТЫ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Қабылдау бөлімі :
+7 (72252) 5-02-07
+7 (775) 342-28-01
+7 (72252) 5-02-18
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
сәуір
2023

Жәкула Күшікұлы атындағы олимпиада


🔰2023 жылдың 24-25 сәуірінде ШҚО ББ дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы облыстың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында Жәкула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен I аймақтық олимпиадасын өткізді.

🔰Олимпиада С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында оқушылардың химия және биологияны оқуға деген қызығушылығын арттыру, дарынды және талантты оқушыларды анықтау, оқушылардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануын қолдау мақсатында өткізілді.

🔰Олимпиаданың демеушісі – Асқар Жәкулин атындағы қайырымдылық қоры.
Олимпиадаға 9-11 сыныптардың 200-ге жуық оқушысы аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары қатысты.

♦️Мектебіміздің оқушылары химия пәнінен 9-сынып оқушысы БАУЫРЖАНҰЛЫ АРСЕН мен 10-сынып оқушысы ҒАФИЗ АМАНБЕК жүлделі 🥉 орындарға ие болып, 30000тг арнайы сертификаттармен марапатталды.

🔰Пән мұғалімі: Сайлаубеков Айдос