24
сәуір
2023
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада

♦️2023 жылдың 18-21 сәуірі аралығында 10-11 сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өткізілді.
♦️Олимпиада Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, неміс тілі пәндері бойынша екі турда өтті (теориялық және практикалық).
♦️Олимпиаданың қорытынды кезеңіне облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
🥉Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша қола медальмен және ІII дәрежелі дипломмен мектебіміздің 10-сынып оқушысы ТҰРСЫНОВА НҰРАЙЫМ марапатталды.
Пән мұғалімі: ҚАБЫЛАНБЕКОВА ЖҰЛДЫЗ
Құттықтаймыз👏🏻 👏🏻 👏🏻



