FIRST Kazakhstan-2024 » «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты»
АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН
МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ИНТЕРНАТЫ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Қабылдау бөлімі :
+7 (72252) 5-02-07
+7 (775) 342-28-01
+7 (72252) 5-02-18
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
ақпан
2024

FIRST Kazakhstan-2024

FIRST Kazakhstan-2024 халықаралық чемпионатының FIRST LEGO League Challenge бағыты бойынша аймақтық чемпионат өтті.

✅Чемпионат мақсаты - оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық және инженерлік-техникалық әлеуетін ашу, цифрлық технологияларды қолдануға, креативті ойлауға, оқушыларды робототехника, сенсорика саласында бағдарламалауға ынталандыру.

Турнирге облыс бойынша 12 команда, 76 қатысушы қатысты.

Қатысушылар робот ойынында белгілі бір тапсырманы орындау үшін робот жасап, бағдарламалады. Командалар байқауға инновациялық жобаларды, ойын роботтарын және әртүрлі дизайндағы роботтарды ұсынды. Нәтижесінде 3 үздік команда ақпан айында өтетін Орталық Азия чемпионатына жолдама алды. Абсолютті чемпион мектебіміздің «REGION 18» командасы атанды.

FIRST LEGO League Challenge чемпионаты - 10-16 жас аралығындағы оқушылар арасында жарыс алаңында тапсырмаларды орындайтын, роботтарды құрастыратын және бағдарламалайтын жарыс.