26
желтоқсан
2023
"100 өлең" байқауының жеңімпазы
2023 жыл 21 желтоқсан ASSYLTAS қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Алматы қаласында республикалық "100 өлең" байқауы өтті. Аталмыш байқауға 500-ге жуық адам өтініш білдіріп, 100 ақынның 100 өлеңнің мүдірмей жатқа оқыған финалға 15 қатысушы жолдама алды.Солардың бірі мектебіміздің ұстазы Қайнарқызы Рза екі кезеңненде сүрінбей өтіп, 8 үздіктін қатарынан көрініп, алғыс хатпен, "Асыл тас" төс белгісімен марапатталды.Байқауға еліміздің беделді белді ақындары Мұхтар Шаханов, Исраил Спарбай, Ұлықбек Есдәулет, Темірхан Медетбек, Бақыт Беделхан т.б көптеген ақындар қонақ болды.
Ұстазымыз бұдан бұрын да Республикалық Абай оқуларының бас жүлдегері атанған.



