Республикалық лингвистика олимпиадасының облыстық кезеңінің жеңімпаздары » «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты»
АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН
МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ИНТЕРНАТЫ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Қабылдау бөлімі :
+7 (72252) 5-02-07
+7 (775) 342-28-01
+7 (72252) 5-02-18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республикалық лингвистика олимпиадасының облыстық кезеңінің жеңімпаздары
01
желтоқсан
2023

Республикалық лингвистика олимпиадасының облыстық кезеңінің жеңімпаздары

✅8-11(12) сынып оқушыларына арналған лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы

🔵2023 жылдың 28 қарашасында №3 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында 8-11(12) сынып оқушыларына арналған лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

🟡Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:
-оқушылардың «қолданбалы филология» пәнін оқуға қызығушылығын ынталандыру, жалпы білім беруде ой-өрістерін дамыту, ғылыми білімді насихаттау, лингвистикадан республикалық, халықаралық олимпиадаға қатысу үшін Олимпиада резервін құру.

🔻Жалпы олимпиадаға аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары атанған облысымыздың мектептерінің 8-11(12) сынып оқушылар арасынан 21 оқушы қатысты.

🔖Олимпиаданың қорытындысы бойынша мектебімізден 3 оқушы қатысып, 2 оқушы жеңімпаз атанды:
🥇І орын – 8 сынып оқушысы Рахимова Аймен;
🥉ІІІ орын – 9-сынып оқушылары Жаппарова Мадина;

🔰Жетекшісі: МӘКЕНОВА НҰРГҮЛ БІЛӘЛҚЫЗЫ

Жеңімпаз бен жүлдегерімізді және жетекшісін құттықтаймыз! Аймен оқушымыщға республикалық кезеңінде сәттілік пен жеңімпаз атауына тілектеспіз!