Білім күні құтты болсын! » «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты»
АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН
МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ИНТЕРНАТЫ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Қабылдау бөлімі :
+7 (72252) 5-02-07
+7 (775) 342-28-01
+7 (72252) 5-02-18
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2023

Білім күні құтты болсын!

Қымбатты ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!

🏫Сіздерді мектеп әкімшілігі атынан 1 қыркүйек - Білім күнімен дәстүрлі жаңа оқу жылының басталу салтанатымен құттықтаймын.

🏫Адам өміріндегі сарқылмас қазына-ол білім. Адам баласы барлық арман, мақсаттарына тек білім арқылы ғана жете алады.

🏫Бүгін барлық білім беру мекемелері есіктерін айқара ашып, білім нәрімен сусындауға келген Отанымыздың жастарын, бүлдіршіндерін құшақ жая қарсы алуда.

🏫Бүгінгі оқушы- білім бәсекесіне төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген, үштілді еркін меңгерген тұлға болуы керек. 

🏫Осы мақсатқа жету жолында АБАЙ ММГИ ұжымы қажырлы еңбек етуде. Оның дәлелі- өткен оқу жылының қорытындылары.